Accessibility links

Қазақстандық дзюдошы қыз Гран-при жарысын ұтты


Дзюдошы қыздар. (Көрнекі сурет.)
Дзюдошы қыздар. (Көрнекі сурет.)

Түркияда дзюдодан қыздар арасындағы Гран-при жарысында ең жеңіл – 48 килограмм салмақ дәрежесінде сынға түскен қазақстандық Галбадрах Отгонцэцэг жеңімпаз атанды деп хабарлайды vesti.kz спорт сайты.

Әуелі француз Летиция Пайетті таза жеңіспен ұтқан қазақстандық дзюдошы финалдық белдесуде түркиялық спортшы Диляра Локманхекимнен басым түскен.

Моңғолияда туып-өскен, 24 жастағы Галбадрах Отгонцэцэг былтыр Қазақстан азаматтығын қабылдап, дзюдодан ұлттық құрама қатарына алынған.

XS
SM
MD
LG