Accessibility links

Вьетнам парламенті бұрынғы қауіпсіздік қызметінің басшысы Чан Дай Куангты ел президенті етіп сайлады.

Парламентте дауыс беру қорытындысы жарияланған соң жаңадан сайланған президент Вьетнам коммунистік партиясы мен халқына адал болуға ант берді деп хабарлайды ВВС.

Коммунистік партия билігіндегі Вьетнамның қауіпсіздік қызметі оппозиция өкілдерін қудалап, қамауға алатыны үшін жиі сынға ілінеді. Батыс елдері Вьетнам билігіне өздері ұсынатын экономикалық жәрдемнің қарымтасына ел азаматтарының ой-пікір бостандығын қамтамасыз етуге шақырып келеді.

XS
SM
MD
LG