Accessibility links

Bek Air: Fokker-100 шассиі зауытта кеткен ақаудан ашылмаған


Астана әуежайы.
Астана әуежайы.

27 наурыз күні Bek Air әуе компаниясына тиесілі Fokker-100 ұшағының Астана әуежайына апатты жағдайда қонуына зауытта кеткен ақау себеп болғаны анықталғаны жөнінде әуе компаниясының ресми мәлімдемесіне сілтеме жасап Tengrinews сайты хабарлады.

«Шассидің алдыңғы тіреуішінің шықпай қалуына оны жинап-жазатын гидроагрегат жетегі тросының ішінара істемей қалуы себеп болған» делінген әуе компаниясы хабарламасында. Ақпаратта апат себебін анықтау Fokker-100 тәрізді ұшақтарды құрастырушы зауыт мамандары қатысуымен және әуе оқиғаларын тексеру жөніндегі комиссия мен көлік прокуратурасы өкілдерінің бақылаумен жүргізілгені айтылған.

27 наурызда Bek Air әуе компаниясының 2041-рейсімен Қызылордадан ұшып келген Fokker-100 ұшағын экипаж Астана әуежайына алдыңғы шассиі ашылмаған күйі қондырған еді. Ұшақтағы адамдар зардап шекпеген.

XS
SM
MD
LG