Accessibility links

Бельгия азаматына терактіге қатысты айып тағылды


Брюссель көшесінде жүрген бельгиялық полиция қызметкерлері. 25 наурыз 2016 жыл.

Брюссель көшесінде жүрген бельгиялық полиция қызметкерлері. 25 наурыз 2016 жыл.

Бельгия федералдық прокуратурасы бүгін осы елдің 33 жастағы азаматына террористік іс-әрекетке қатысы бар деген айып тағылғаны туралы хабарлады. Прокуратура ақпаратында ол адамға Франция территориясында теракт жасауға дайындалғандарға қатысты француз құқық органдарымен бірлесіп жүргізіліп жатқан тергеу аясында айып тағылғаны айтылған.

Ресми хабарламада ол адамның аты-жөні тек Y.A. деп қысқартылып қана берілген. Ол 31 наурызда кешкісін ұсталып, келесі күні судья оны тұтқындау туралы қаулы шығарған.

Тергеушілердің айтуынша, бұл адамды қамауға алудың наурыздың 24-і күні Париж түбінде ұсталған франуз азаматы Реда Крикеттің ісімен байланысы бар. Крикет ұсталардан екі күн бұрын Бельгия астанасы Брюссельдегі Завентем әуежайы мен метрода жасалған үш жанкештілік жарылыстар салдарынан 32 адам мерт болған еді.

XS
SM
MD
LG