Accessibility links

Пальмирада жаппай өлтірілгендердің сүйектерін тапқан


Пальмира. 27 наурыз 2016 жыл.

Пальмира. 27 наурыз 2016 жыл.

Осы аптада ресейлік әскери әуе күштерінің қолдауымен «Ислам мемлекеті» (ИМ) экстремистік тобы содырларын ежелгі Пальмира қаласынан ығыстырған Сирияның үкімет әскері ол жерден 40 шақты адамның сүйектері жаппай көмілген орынды тапқан деп хабарлады Сирияның мемлекеттік SANA агенттігі.

Пальмираның солтүстік-шығысында табылған қорымнан көптеген әйелдер мен балалардың сүйектері шыққан. Кейбіреуінің басы кесілгені анықталған.

Ұлыбританияда орналасқан Сириядағы адам құқықтарын бақылау тобы өкілдерінің айтуынша, Пальмира тұрғындарын өлтірген соң ИМ экстремистері оларды қала маңындағы жерлерге көме салған.

Сенбі күні сириялық құқыққорғаушылар Алеппоның оңтүстігінде орналасқан, үкімет күштері үшін стратегиялық маңызы бар елді мекенді «әл-Қайда» ұйымымен байланысы бар «әл-Нусра майданы» және өзге жиһадшы топтар басып алған деген ақпарат таратты. Сириялық баспасөз құралдары аталған ауданда кескілескен шайқастар болғанын растаған.

XS
SM
MD
LG