Accessibility links

Таулы Қарабақта қақтығыстан қаза болғандар бар


Таулы Қарабақ аймағында түсірілген видеодан скриншот. 2 сәуір 2016 жыл.

Таулы Қарабақ аймағында түсірілген видеодан скриншот. 2 сәуір 2016 жыл.

Әзербайжан қорғаныс министрлігі сенбі күні Таулы Қарабақта қарулы қақтығыстар салдарынан 12 әскери қызметшісі мерт болғаны туралы хабарлады. Сонымен бірге, армяндар позицияларына соққы беру барысында Әзербайжан жағы Ми-24 әскери тікұшағы және минаға түскен бір әскери танктен айырылған. Баку таратқан ақпаратта Әзербайжан қарулы күштері бірқатар стратегиялық орындар мен елді мекендерді қайтадан бақылауына алғаны айтылған. Ереван ол жерлерден айырылып қалғаны туралы ақпаратты жоққа шығарған.

Өзін өзі жариялаған Таулы Қарабақ республикасы (ТҚР) қорғаныс министрлігі бұған дейін Әзербайжан қарулы күштері атысы салдарынан 12 жастағы ұл бала қаза тауып, тағы екі бала жараланған деген ақпарат таратқан еді. Әзербайжан ішкі істер министрлігінің мәліметі бойынша, армян жағынан болған атыс бір бейбіт тұрғынды мерт қылған.

Еуропа Одағының сыртқы саясат жөніндегі жоғарғы комиссары Федерика Могерини қарсылас тараптарды атысты дереу тоқтатып, бітімді сақтауды және Таулы Қарабақ жанжалын бейбіт жолмен реттеуге күш салуға шақырған.

XS
SM
MD
LG