Accessibility links

Иракта ИМ түрмесінен 1,5 мың тұтқын босатылған


ИМ экстремистік тобы бақылауындағы Хит қаласын азат етуге бара жатқан Ирак әскери техникасы. 8 наурыз 2016 жыл.

ИМ экстремистік тобы бақылауындағы Хит қаласын азат етуге бара жатқан Ирак әскери техникасы. 8 наурыз 2016 жыл.

Ирак әскерилері Анбар провинциясында «Ислам мемлекеті» (ИМ) экстремистік тобы жер астындағы түрмеде қамауда ұстаған мың жарымға жуық адамды босатқан деп хабарлайды AFP агенттігі. Жергілікті билік өкілінің айтуынша, ИМ тобының бақылауындағы Хит қаласы маңында табылған түрме тұтқындарының көбі бейбіт тұрғындар болған.

Ирак әскерилері Евфрат өзені жағасында орналасқан, стратегиялық маңызы бар Хит қаласын ИМ содырларынан азат ету үшін наурыздың ортасынан бері күресіп жатыр. Бұған дейін әскерилер бірқатар ұрыста ИМ жасағын жеңген. Былтыр желтоқсанда Ирак армиясы Анбар провинциясының орталығы Рамади қаласын ИМ басқыншылығынан азат еткен.

Наурыз айының соңында Ирак әскерилері ИМ экстремистері екі жыл бұрын басып алған Мосул қаласын қайтару операциясын бастаған. Ал Хит қаласына бақылау орнатқан соң Ирак армиясы Фалуджи қаласын экстремистерден босату үшін кең көлемді операцияға кіріспек.

XS
SM
MD
LG