Accessibility links

Баку: Қарабақта әскери іс-қимылды тоқтатамыз


Армения мен Әзербайжан әскерилері арасындағы шайқас болған Таулы Қарабақ аймағы. 2 сәуір 2016 жыл.
Армения мен Әзербайжан әскерилері арасындағы шайқас болған Таулы Қарабақ аймағы. 2 сәуір 2016 жыл.

Әзербайжан Таулы Қарабақтағы қарулы жанжал аймағындағы әскери іс-қимылдарды біржақты түрде тоқтататыны туралы бүгін осы елдің қорғаныс министрлігі мәлімдеді. Министрліктің баспасөз қызметінің хабарламасында егер армян жағы әзербайжандық елді мекендер мен әскери позицияларын атқылайтын болса, онда Әзербайжан қарулы күштері «ел территориясының тұтастығын қамтамасыз ету және территорияны азат ету үшін шабуыл операцияларын» жалғастырады делінген.

Бұған дейін өзін өзі жариялаған Таулы Қарабақ республикасы қорғаныс министрлігі жексенбі күні Мәскеу уақытымен таңғы сағат бесте Әзербайжан жағы даулы аймақтағы сызықтың оңтүстік бағытында әскери іс-қимылдарын жалғастырды деп мәлімдеген.

Таулы Қарабақта жанжал аймағындағы жағдай сенбіге қараған түні атыстан кейін ушығып кеткен. Ереван мен Баку «атқылауды бірінші болып бастады» деп бір-бірін айыптайды.

Әзербайжан қорғаныс министрлігі сенбідегі ұрыстар барысында 12 әскери қызметшісі қаза болғанын хабарлады. Армения жағынан кеше 18 сарбаз қаза тауып, тағы 35-і жараланғаны туралы ел президенті Серж Саргсян мәлімдеген. Сонымен бірге бейбіт тұрғындар арасында екі адам қаза болғаны туралы дерек бар.

XS
SM
MD
LG