Accessibility links

Мәскеуде қорғаныс министрлігі ғимараты өртенді


Өрт сөндірушілер қорғаныс министрлігі ғимаратындағы өртті сөндіріп жатыр. Мәскеу, 3 сәуір 2016 жыл.
Өрт сөндірушілер қорғаныс министрлігі ғимаратындағы өртті сөндіріп жатыр. Мәскеу, 3 сәуір 2016 жыл.

Мәскеудің орталығында, Кремльге жақын Ресей қорғаныс министрлігі үйінен үлкен өрт шығып, бір өрт сөндіруші жараланды. Өрттен министрлік қызметкерлері эвакуацияланды.

Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз хатшысы Игорь Денисовтың хабарлауынша, 3 сәуір күні таңертең басталған өртті өрт сөндірушілер сол күні кешке сөндірген. Өрт аумағы 3 мың 500 шаршы метрден асқан. ТАСС агенттігінің хабарлауынша, өртті сөндіруге 200 өрт сөндіруші мен құтқарушы тартылған.

Министрлік өрт ғимараттың жөнделіп жатқан техникалық бөлмесінен шыққанын айтады. Өрт себебі анықталмағанымен, ресми орындар оны ғимараттағы электр сымдарының дұрыс жүргізілмеуінен шығуы мүмкін деген болжам бойынша тергеу жүргізіп жатыр.

Қорғаныс министрлігі 2014 жылы Мәскеу өзені бойындағы жаңа ғимаратқа көшкен. Бірақ министрлік Кремльге жақын ескі ғимаратты әлі де құжаттарды сақтау және басқа да қызметтер үшін әлі де пайдаланады.

XS
SM
MD
LG