Accessibility links

Ильхам Әлиев отбасының "құпия есепшоттары" әшкереленді


Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев.

Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев.

Панамалық Mossack Fonseca заң компаниясының әшкере болып кеткен құжаттарына қарағанда, Әзербайжан президенті Ильхам Әлиевтің отбасы мүшелерінің құпия офшорлық есепшоттары бар. 3 сәуірде халықаралық зерттеуші журналистер консорциумы соңғы 40 жылда құрылған 214 мың офшорлық компанияның құжаттарына жасаған талдаудың алдын ала есебін жариялады.

Есепте Ильхам Әлиевтің әйелі Мехрибан Әлиева 2005 жылдан бастап әзербайжандық AtaHolding конгломератын бақылайтын панамалық екі офшорлық фирманың бірін басқаратыны айтылады. Әзербайжан президентінің екі қызы панамалық фирмаларды басқарады, ал ол фирмалардың елдің алтын кеніштерін игеретін компаниялар тобында кәдімгідей үлесі бар. Ильхам Әлиевтің әпкесі - британдық Виргин аралдарында 2005 жылы тіркелген фирманың бірден-бір иесі саналады. Құжаттарда фирманың мекенжайы ретінде Әлиеваның Лондонның батыс бөлігіндегі элиталық аудан көрсетілген.

XS
SM
MD
LG