Accessibility links

Сирияда "Нусра майданы" басшыларының бірі қаза тапты


"Нусра майданы" экстремистік тобының ресми өкілі ретінде танымал Әбу Фирас әл-Сури.

"Нусра майданы" экстремистік тобының ресми өкілі ретінде танымал Әбу Фирас әл-Сури.

Сирияның "Әл-Қаиданың" Сириядағы қанаты - "Нусра майданы" тобының ресми өкілі мен 20 шақты содыры әуе шабуылдарында қаза тапты. Syrian Observatory for Human Rights ұйымы 3 сәуірде хабарлауынша, ұйымның ресми өкілі Әбу Фирас әл-Сури мен оның ұлы және көпшілігі Өзбекстаннан шыққан 20 шақты содыр Идлиб провинциясындағы шабуылдарда оққа ұшқан. Қаза тапқан өзбектер "Джунд әл-Акса" тобының мүшелері болды деген мәлімет бар.

Әуе шабуылдарын Сирия үкіметі әскері мен Ресей авиациясының қайсысы жасағаны белгісіз.

Әбу Фирас "Нусра майданының белгілі жетекшісі және ұйымды құрушылардың бірі болған. Ол 1980 жылдары Ауғанстанда соғысқан. Ол сонымен қатар "Әл-Қаиданың" бұрынғы басшысы Усама бин Ладенмен кездескен.

XS
SM
MD
LG