Accessibility links

Қызыл Крест: Таулы Қарабақта ара ағайындық жасауға дайынбыз


Таулы Қарабақтағы ұрыс. 3 сәуір 2016 жыл.

Таулы Қарабақтағы ұрыс. 3 сәуір 2016 жыл.

Халықаралық Қызыл Крест комитеті өзін-өзі Таулы Қарабақ аймағындағы әскери қақтығыстардың гуманитарлық салдарына қатысты алаңдаушылық білдірді. Таулы Қарабақта жанжал аймағындағы жағдай 2 сәуірге қараған түні атыстан кейін ушығып кеткен. Ереван мен Баку «атқылауды бірінші болып бастады» деп бір-бірін айыптайды.

Әзербайжан қорғаныс министрлігі 2 сәуірдегі ұрыстар барысында 12 әскери қызметшісі қаза болғанын хабарлаған. Армения жағынан сенбіде 18 сарбаз қаза тауып, тағы 35-і жараланғаны туралы ел президенті Серж Саргсян мәлімдеген. Сонымен бірге бейбіт тұрғындар арасында екі адам қаза болғаны туралы дерек бар.

"Біз әскери ұрыстардан зардап шеккендердің барлығына көмек беруге және қақтығысушы тараптар арасында бейтарап түрде ара ағайындық жасауға дайынбыз" деді комитеттің аймақтық операциялар бойынша жетекшісі Патрик Виаль.

"Қақтығысқа қатысушы барлық тараптар халықаралық гуманитарлық құқық қағидаларын құрметтеуге міндетті. Бұл қағидалар бойынша, тараптар бейбіт тұрғындар мен азаматтық инфрақұрылымды қорғауы тиіс" деді Виаль.

Халықаралық Қызыл Крест комитеті аймақта Таулы Қарабақ жанжалына байланысты 1992 жылдан бері жұмыс істейді. Комитет Баку мен Еревандағы делегациясы және Таулы Қарабақтағы миссиясы арқылы жанжал аймағында және Армения мен Әзербайжан шекарасының екі жағында да тұратын халыққа көмектесіп тұрады.

XS
SM
MD
LG