Accessibility links

"Ермегияев ісі" сотында жәбірленуші өтініш білдірді


Талғат Ермегияевтің үстінен басталған алдын ала сот тыңдауы. Астана, 18 наурыз 2016 жыл.

Талғат Ермегияевтің үстінен басталған алдын ала сот тыңдауы. Астана, 18 наурыз 2016 жыл.

Астанада бүгін басталған "Астана ЭКСПО-2017" ұлттық компаниясының бұрынғы басқарма төрағасы Талғат Ермегияев және компанияның бұрынғы бірнеше басшысы үстінен өтіп жатқан сотта зардап шегуші "Астана ЭКСПО-2017" ұлттық компаниясының өкілі Мая Егимбаева сот ісі кезінде тілшілердің фотоаппарат және видео камера пайдалануына шектеу қоюға өтініш жасады. Ол бұл өтінішін «тілшілердің сот ісін жүргізуге кедергі келтіретінімен» түсіндірді. Басты айыпталушы Талғат Ермегияев бұл өтінішті қолдады. Ал, қалған айыптаушылар мен олардың қорғаушылары және прокурорлар өтінішті қабылдау, я қабылдамауды соттың еркіне қалдырды. Сотты жүргізіп жатқан судья Әділхан Шайхисламов бұл өтінішке қатысты шешімін кейінірек шығаратынын мәлімдеп, сот ісін одан әрі жалғастырды.

Ермегияев ісіне қатысты соттың алдын ала тыңдауы 18 наурызда Астананың мамандандырылған ауданаралық қылмыстық істер бойынша сотында басталған.

Азаттық тілшісінің соттан хабарлауынша, сот ғимаратына бүгін журналистерді ұялы телефонмен кіргізбеген. Тілшілердің ұялы телефондарын кіреберісте күзет қызметкері жинап алған. Ал сот залына тек фото мен видео түсіретін журналистер ғана жіберілген. Өзге хабар тарататын журналистерді монитор қойылған өзге бөлмеге кіргізген. Тілшілер монитордан тарайтын дауыс сапасының нашарлығын айтады.

Ермегияев «Астана ЭКСПО-2017» компаниясындағы қаржы жымқыру ісі аясында ұсталған. 2015 жылы маусымда компания басшысы қызметінен босатылған соң бірнеше күннен кейін қылмысқа күдікті ретінде ұсталып, сот шешімімен үйқамаққа алынған Талғат Ермегияевке тергеушілер «4 миллиард 200 миллион теңге көлеміндегі қаржыны заңсыз иеленді» деген айып таққан.

Қылмыстық іс бойынша «аса ірі көлемдегі бюджет қаржысын талан-таражға салған» деген айып тағылғандар арасында «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясының бұрынғы басқарушы директоры Суламбек Баркинхоев, бұрынғы құрылыс департаменті жетекшісі Қажымұрат Үсенов бар.

«Астана ЭКСПО-2017» компаниясы Астанада 2017 жылы өткізу жоспарланған халықаралық көрмеге дайындықпен айналысады.

XS
SM
MD
LG