Accessibility links

Грекия Түркияға 131 мигрантты қайтарды


Түркияға қайтарылатын мигранттар кемеге мініп жатыр. Грекия, 4 сәуір 2016 жыл.
Түркияға қайтарылатын мигранттар кемеге мініп жатыр. Грекия, 4 сәуір 2016 жыл.

Грекия Еуропа Одағының (ЕО) Еуропаға ағылған мигранттар санын азайтуды көздейтінжоспарына сай Түркияға алғашқы босқындарды депортациялай бастады. Бортында 131 мигрант бар түркиялық екі жолаушылар кемесі 4 сәуірде Лесбос аралынан шығып кетті. Көпшілігі Пәкістан мен Бангладештен шыққан мигранттардың көпшілігі Түркияның батысындағы Дикили қаласына жеткізіледі.

Түркияның ресми өкілдері бұған дейін 500-ге жуық адамды қабылдауға дайын екенін мәлімдеген. ЕО мен Түркия арасында жасалған келісім бойынша, Анкара Грекияға заңсыз жолмен барған барлық мигрант пен босқынды, оның ішінде сириялықтарды да қайтарып алады. ЕО мұның есесіне Түркиядан сириялық босқындарды қабылдап, Анкараға біраз қаржы бөледі. Сонымен қатар ЕО Түркияның одаққа қосылуы туралы келіссөзді алға жылжытып, визасыз тәртіп орнатуды жеңілдетеді.

ЕО мен Түркия арасындағы келісімді адам құқығын қорғайтын түрлі топтар айыптаған. Құқық қорғаушылар мигранттарды айырбастау операциясы жеткілікті дайындалмаған дейді.

XS
SM
MD
LG