Accessibility links

ЖСДП партияға жастарды тартпақ


Жалпы ұлттық социал-демократиялық партия төрағасы Жармахан Тұяқбай.
Жалпы ұлттық социал-демократиялық партия төрағасы Жармахан Тұяқбай.

Өзін оппозиция санайтын Жалпыұлттық социал-демократиялық партия (ЖСДП) қатарына жаңа мүшелерді тарту кампаниясын бастайтынын жариялады. ЖСДП төрағасы Жармахан Тұяқбайдың бүгін таратылған мәлімдемесінде партияның кадрлық реформа мен партияға жастарды тарту жоспары бары айтылады. Партияның "Көктемгі шақыру" деп аталған кампаниясы екі ай бойы жүргізіледі. Оған партияның аймақтық филиалдары тартылып, кампания жұмысының қорытындысы партия құрылтайында жарияланбақ.

20 наурызда өткен парламент мәжілісінің ерте сайлауына қатысқан ЖСДП Орталық сайлау комиссиясының мәліметі бойынша сайлаушылардың 1,18 пайыз даусын алып, парламентке өтпей қалған.

Мәжіліске биліктегі "Нұр Отан" партиясы (82,20 пайыз), билікші "Ақ жол" партиясы (7,18 пайыз) мен Қазақстан халықтық коммунистік партиясы (7,14 пайыз) өткен. Сайлауға қатысқа өзге екі партия - "Ауыл" (2,01 пайыз) мен "Бірлік" (0,29 пайыз) партиялары да мәжіліске өтпей қалған.

XS
SM
MD
LG