Accessibility links

Ирак әскері ИМ бақылайтын Хит қаласына кірді


Хит қаласында ИМ туын ұстап тұрған ирак әскері. 2 сәуір 2016 жыл.
Хит қаласында ИМ туын ұстап тұрған ирак әскері. 2 сәуір 2016 жыл.

Ирак әскери басшылығының мәліметінше, үкімет күштері авиацияның қолдауымен елдің батысындағы "Ислам мемлекеті" (ИМ) экстремистік ұйымы бақылауында тұрған Хит қаласына кірді. Кейбір ақпараттарға қарағанда, ирак әскері ИМ содырларын қаланың солтүстік жағынан ығыстырып, қала орталығына қарай жылжып келеді. Әскери қимылдардан мыңдаған адам бас сауғалап кеткен. 4 сәуір күні таңертең әскерилер бейбіт тұрғындарды жақын маңдағы лагерлерге апара бастаған. Жүздеген адам қаладан жаяу кетіп қалған.

Әскерилер қала маңы миналанғандықтан тұрғындарға белгіленген жолдан ауытқып шығып кетпеуді ескертті. Хит қаласына бір апта бұрын шабуыл бастаған әскер территорияны минадан біраз уақыт тазартқан. Кейбір ақпаратар бойынша, қалада 20 мыңдай бейбіт тұрғын қалған болуы мүмкін. Анбар провинциясындағы Хит қаласы Ирактағы содырларды Сириядағы содырлармен байланыстыратын транзиттік жол бойында орналасқан.

XS
SM
MD
LG