Accessibility links

Air France: Стюардессалардың Иранға ұшпауына рұқсат


Иран суретшісі Шахрух Хейдаридің "Air France Иранда" деп аталатын карикатурасы. 4 сәуір 2016 жыл.

Иран суретшісі Шахрух Хейдаридің "Air France Иранда" деп аталатын карикатурасы. 4 сәуір 2016 жыл.

Air France компаниясы әйел қызметкерлеріне орамал тағуды міндеттейтін Иранға ұшудан бас тартуына рұқсат етті.

Компания стюардессаларды алмастыратын "арнайы бөлім" құрмақ. Компанияның кадр бөлімінің өкілі Жиль Гатоның хабарлауынша, "Париж-Тегеран рейсіне қызмет көрсету міндеттелген және жеке себептеріне байланысты орамал тағудан бас тартатын кез-келген қызметкер әйел басқа рейстерге жіберіледі".

Air France 17 сәуірден бастап Иранға аптасына үш рейс шығармақ. Ішкі ережелер бойынша, бұл рейстерде стюардессалар ұзын жеңді бірыңғай форма мен юбка киюі тиіс. Тегеранға барғанда олар бастарына орамал тағуға міндетті. Компанияның Сауд Арабиясы мен басқа бірнеше елге ұшатын рейстерінде де осындай ереже бар.

XS
SM
MD
LG