Accessibility links

Ресейлік құқық қорғаушы Франциядан саяси баспана алды


Ресейлік құқық қорғаушы Надежда Кутепова.
Ресейлік құқық қорғаушы Надежда Кутепова.

Ресейлік құқық қорғаушы Надежда Кутепова Франциядан саяси баспана алды. 4 сәуірде Францияның босқындар және отанынан ажырағандар ісі бойынша кеңсесі Кутепова мен балаларын Ресей билігі тарапынан саяси қысым көрген босқын деп танып, оларды Францияның 10 жыл қорғауға алғанын хабарлады.

"Планета надежд" экологиялық ұйымының жетекшісі, Челябинск облысының жабық Озерск қаласында жұмыс істеген Кутепова Парижге 2015 жылдың шілдесінде барған. Ол шетелге Ресейде өзі басқаратын ұйым "шетел агенті" деп танылып, телеарна ұйымды тыңшылық жасады деп айыптаған соң кеткен.

"Россия" телеарнасының "Специальный корреспондент" бағдарламасында бұған дейін Кутепованың үйі мен пәтерінің есігі көрсетілген. "Бұл бағдарлама мен соттың біздің ұйымның қызметі "Ресей қауіпсіздігіне қайшы келеді" деген шешімі мені қамалудан сақтанып, елден кетуге мәжбүр етті" деді Надежда Кутепова.

Қазір құқық қорғаушы балаларымен бірге мигранттарға арналған орталықта тұрады.

XS
SM
MD
LG