Accessibility links

Ресейлік 4 дзюдошы қанынан мельдоний табылды


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Ресейлік төрт дзюдошының қанынан биылдан бастап тыйым салынған мельдоний препараты табылды деп хабарлады ТАСС ақпарат агенттігі. Допинг дауына ілінгендер қатарында 2012 жылғы әлем чемпионы Михаил Пуляев, Денис Ярцев, Наталья Кондратьева және Екатерина Валкова бар. Ресей дзюдо федерациясы бұл мәселеге қатысты түсінік беруден бас тартты.

Қазір қанынан мельдоний табылған реейлік спортшылар саны осымен 30-ға жетті. Әлем бойынша мельдоний қолданды деген спортшылар саны 120-ға таяп отыр.

Мельдоний қолдануға қатысты дау қаңтарда ресейлік теннисші Мария Шарапованың допинг тексеруден өтпей қалғаннан соң туындаған. Шарапова мельдонийді медициналық көрсеткіші бойынша қабылдағанын мәлімдеген. Кейін ресейлік бірнеше белгілі спортшы, оның ішінде жүзуден олимпиада чемпионы Юлия Ефимова мен конькишілер Семен Елистратов және Павел Кулижников та аталған препаратты қолданғанын мойындаған.

XS
SM
MD
LG