Accessibility links

Сауд Арабиясы Иран әуе компаниясына тыйым салды


Mahan Air компаниясы ұшағы (Көрнекі сурет).

Mahan Air компаниясы ұшағы (Көрнекі сурет).

Сауд Арабиясы Иранның Mahan Air әуе компаниясына өз территориясы арқылы ұшу және әуежайларына қонуға берген рұқсатын қауіпсіздік себептеріне байланысты тоқтатты.

Сауд Арабиясының әуе қатынасы агенттігі лицензия күшін тоқтату шешімі "азаматтардың өмірін сақтап қалу" қажеттігінен шыққанын айтады. Иран тарабы әзірге бұған қатысты жауап қатпады.

Қаңтар айында Эр-Рияд Тегеранның Сауд Арабиясы елшілігін жабу шешіміне қарсылық ретінде Иранмен дипломатиялық қарым-қатынасын үзіп, екі ел арасындағы 150-ге жуық тіке әуе рейсін тоқтатқан.

Сауд Арабиясы мен Иран арасындағы сауда-саттық көлемі екі елдің экономикалық көрсеткіштері тұрғысынан алғанда аз. Бірақ жыл сайын ондаған мың ирандық қажылық пен умра қажылық парызын өтеу үшін Сауд Арабиясына барады.

XS
SM
MD
LG