Accessibility links

Тоқаев: Қазақстанның ЕО-ға кіру ниеті жоқ


Парламент сенаты спикері Қасым-Жомарт Тоқаев.

Парламент сенаты спикері Қасым-Жомарт Тоқаев.

Қазақстанның Еуропа Одағына кіру жоспары жоқ және бұл одаққа қатысты прагматикалық саясат ұстанады деп мәлімдеді Қазақстан парламенті сенатының спикері Қасым-Жомарт Тоқаев. Бұл туралы бүгін сенаттың ресми сайтында жарияланған Тоқаевтың Сингапурдегі "Азия және әлем: Ортақ мүмкіндіктер, бірлескен көркею" атты форумда жасаған баяндамасында айтылады.

Сенат спикері ЕО Қазақстан үшін ірі сауда әріптесі және инвестициялық серіктес саналатынын айтып, Қазақстан үш ай бұрын ЕО-мен жақын әріптестік және ынтымақтастық туралы келісімге қол қойғанын айтқан.

2 сәуірде өткен форумда сөйлеген Тоқаев "Еуропаның астан-кестен өзгерістер кезеңіне тап келгенін", "енді оның қайтадан бұрынғыдай болмайтынын" мәлімдеген. "Террорлық шабуылдар, тарихта бұрын-соңды болмаған миграциялық дағдарыс, қаржы дағдарысы, Ұлыбританияның Еуропа Одағына (ЕО) мүше болу мәселесі Еуропа енді бұрынғы қалпында болмайды деген қорытынды жасауға мәжбүрлейді" деген Тоқаев.

Бірақ ол ЕО-ның әлеуетін жете бағаламауға болмайтынын жеткізген. "Одақ өз мүшелері мен басқа да елдер үшін тартымды болып отырғандықтан қиындықтарды еңсере алады және институционалдық тұрғыдан жетіле береді" деген Тоқаев.

XS
SM
MD
LG