Accessibility links

Бутиннің анасы: Ұлымның өміріне қауіп төніп тұр


Әлеуметтік желіде тарап, авторы Виталий Бутин болуы мүмкін делінген видеодан алынған көірініс.
Әлеуметтік желіде тарап, авторы Виталий Бутин болуы мүмкін делінген видеодан алынған көірініс.

Семей колониясында түсірілген жантүршігерлік видеоның авторы делінген сотталушы Виталий Бутиннің анасы Елена Бутина бүгін Азаттық тілшісімен телефонмен әңгімесінде ұлының өміріне қауіп төніп тұрғанын хабарлады. Алматы облысы Қаскелең қаласының тұрғыны Елена Бутина 4 сәуірде Виталий өзімен түрме таксофоны арқылы сөйлескенінде "өміріне қауіп төніп тұрғанын сыбырлап айтып үлгерген".

Бутиннің анасы: Ұлымның өміріне қауіп төніп тұр
please wait

No media source currently available

0:00 0:03:11 0:00
Жүктеп алу

Ол ұлының "Мені асып тастап, артынан өзі асылып қалды деп айта сала ма деп қорқамын. Бұған сенбеңіз" деген сөзін келтірді.

Бутина ұлының бұл сөздерінен жаны түршіккенін айтады. Өткен жылдың жазында Бутиннің адвокаты Гүлнара Жуасбаева Азаттыққа Бутинді түрмеде азаптағанын айтқан еді. Ол кезде сотталушының өзі адвокаты айтқан азаптау туралы шағым түсірмеген. Сол уақытта анасы Елена Азаттыққа адвокаты ұлының жағдайынан хабардар еткенін, бірақ шу шығармауды сұрағанын айтқан.

Бутин отырған ОВ-156/15 колониясының кезекшісі Азаттық тілшісіне телефон арқылы тұтқын Бутиннен ешқандай шағым мен өтініш түспегенін айтты.

Алматы облысы Қаскелең қаласының тұрғыны Виталий Бутин 2012 жылы 6 желтоқсанда "алаяқтық" айыбымен сегіз жылға сотталған. Бутин Семей түрмесіне түскен тұтқындарды арнайы форма киген адамдардың ұрып-соғып, азаптағаны туралы видеоның авторы саналады.

Түрме басшылығы даулы видеоның авторы Бутин емес, түрме қызметкерлерінің өзі дейді. Түрме видео "тексерістің шынайылығын ашық көрсету үшін" түсірілгенін, ал тұтқындарға "күш қолдану заңды түрде" жасалғанын айтқан. Даулы видеоға қатысты түрме қызметкерлеріне қарсы қозғалған қылмыстық іс жабылып қалған.

XS
SM
MD
LG