Accessibility links

"Қайрат" бапкері Бородюк отставкаға кетті


Александр Бородюк (Сурет "Қайрат" командасының баспасөз қызметінен алынды).
Александр Бородюк (Сурет "Қайрат" командасының баспасөз қызметінен алынды).

Футболдан алматылық "Қайрат" командасының бас бапкері ресейлік Александр Бородюк үш турдан кейін өз еркімен қызметінен кетті. Бұл туралы клубтың ресми сайты мәлімдеді.

Алматылық команда Қазақстан чемпионатының 3-турында Оралда "Ақжайық" клубынан 1:2 есебімен жеңіліп қалған. Бұл матчқа "Қайратқа" жақында келген Ресей құрамасының бұрынғы ойыншысы, Англияның "Арсенал" командасында ойнаған Андрей Аршавин де қатысқан.

Ал осыған дейінгі ойындарда "Қайрат" "Тараздан" жеңіліп (1:2), көкшетаулық "Оқжетпеспен" 1:1 есебімен тең ойнаған. Қазір алматылық команда турнир кестесінде 10-орында келе жатыр.

"Қайрат" былтыр Қазақстан кубогын жеңіп, Қазақстан чемпионатында екінші орын алған. Команданы жаттықтырған словакиялық маман Владимир Вайсс "Қайрат" екінші орын алып қалғанын себеп етіп, қызметінен кеткен.

Бородюк "Қайратқа" 2015 жылдың соңында келген.

XS
SM
MD
LG