Accessibility links

Ермегияев ісінде Қажымұрат Үсенов сөйледі


Астанадағы сотта "Астана ЭКСПО-2017" ұлттық компаниясының бұрынғы басқарма төрағасы Талғат Ермегияев қорғаушыларымен сөйлесіп тұр. Астана, 4 сәуір 2016 жыл.

Астанадағы сотта "Астана ЭКСПО-2017" ұлттық компаниясының бұрынғы басқарма төрағасы Талғат Ермегияев қорғаушыларымен сөйлесіп тұр. Астана, 4 сәуір 2016 жыл.

Астанада бүгін "Астана ЭКСПО-2017" ұлттық компаниясының бұрынғы басқарма төрағасы Талғат Ермегияев пен компанияның басқа да басшыларының үстінен өтіп жатқан сот жалғасты. Сотта бүгін компанияның құрылыс департаментінің бұрынғы басшысы Қажымұрат Үсеновтің сөзі тыңдалды. Үсенов өткен жылы маусымда ұсталған. Ол пара алды және бюджет қаржысын жымқырды деп айыпталып отыр.

Қажымұрат Үсенов сотта өзін қаржы жымқыруға кінәлі деп санамайтынын мәлімдеді. "Мен пара беріп жатқанын білдім, бірақ мен бірдеңе дей қоятындай емес, кішкентай адаммын... Мен келісім шарттарға қол қойып, жұмысымды жаздым, ол үшін маған жалақы төледі. Компаниядан кетіп қалуым керек еді. Мен бұл жерде қателік жасадым" деді ол.

Жергілікті агенттіктердің бұған дейін хабарлауынша, процеске төрағалық етіп отырған судья Әділхан Шайхисламов Талғат Ермегияевке Үсенов сөйлеп жатқан кезде жымиғаны үшін ескерту жасаған.

Аса ірі көлемде бюджет қаржысын жымқыру ісі бойынша 23 адам сотталып жатыр. 2015 жылы маусымда компаниядағы қаржы жымқыру ісін тергеу аясында ұсталған Ермегияевке 4,2 миллиард теңге көлемінде заңсыз сыйақы алды, бөтеннің мүлкін иемденді деген айып тағылған. Бұл іс бойынша компанияның бұрынғы басқарушы директоры Суламбек Баркинхоевқа да аса ірі көлемде қаржыны заңсыз иемдену айыбы тағылған.

XS
SM
MD
LG