Accessibility links

БАҚ: Ресей Иранға С-300 кешенін таяуда жеткізеді


Ресейдің С-300 зымыран шабуылынан қорғаныс кешені.

Ресейдің С-300 зымыран шабуылынан қорғаныс кешені.

Ақпарат агенттіктерінің хабарлауынша, Ресей Иранға С-300 зымыран шабуылынан қорғаныс кешендерін таяу күндерде жеткізе бастайды. Ресей сыртқы істер министрлігінің өкілі Замир Кабулов "Интерфакс" агенттігіне "Кешен бүгін жеткізіле ме, ол жағын білмеймін, бірақ ол жөнелтіледі" деген.

Мәскеу мен Тегеран арасындағы келісім 2007 жылы жасалған. 2010 жылы келісім БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі Иранға ауыр қару-жарақ сатуға тыйым салатын қарар қабылдаған соң бұзылған. Өткен жылы Тегеран әлемдік державалармен Иранның ядролық бағдарламасына қатысты келісім жасасқан соң тараптар С-300 кешенін жеткізу туралы келісімге қайта оралған. Мәскеу ядролық келісім арқылы Иранға зенит-зымыран кешенін жеткізуге салынған тыйым алынып тасталды дейді.

Ал АҚШ мемлекеттік хатшысының орынбасары Томас Шэннон сенатта Ресей өзіне алған Иранды баллистикалық зымырандармен қаруландырмау туралы міндетін орындауы тиіс деді. Ол АҚШ Мәскеудің Иранға Су-30 жойғыш ұшақтарын сату жөніндегі кез-келген әрекетіне вето қоятынын мәлімдеді. Ресей сыртқы істер министрліні БҰҰ-ға мұндай келісім жасау мүмкіндігі туралы сауал жолдамағанын айтады.

XS
SM
MD
LG