Accessibility links

Нидерландыда Киевпен ассоциация туралы референдум өтеді


Киевтегі ЕО-мен байланысты күшейтуді талап еткен наразылық акциялары. Қараша 2013 жыл.
Киевтегі ЕО-мен байланысты күшейтуді талап еткен наразылық акциялары. Қараша 2013 жыл.

Нидерландыда бүгін Еуропа Одағының (ЕО) Киевпен экономикалық және саяси байланыс орнатқаны дұрыс па деген мәселе референдумда дауысқа салынады. Нидерландылықтар Украинамен ассоциация туралы келісімді ратификациялауға қатысты пікірлерін білдіруі тиіс. Дауыс беру қорытындысының ешқандай заңдық күші жоқ. ЕО-ның қалған 27 мүшесі келісімді ратификациялап қойған.

Қоғамдық пікірге жасалған сауалнама бойынша, дауыс берушілердің көпшілігі келісімге қарсы дауыс бермек. Бұл ЕО-мен байланысын нығайту үшін біраз құрбандыққа барған Украина үшін ауыр соққы болып тимек.

2013 жылы Украинаның сол кездегі президенті Виктор Януковичтің ЕО-мен ассоциация туралы келісімге қол қоюдан бас тартуы жапапй наразылық акцияларына ұласып, кейін оның биліктен қуылына, сосын Ресейдің Қырымды аннексиялап алуына және Украина шығысында сепаратистермен қақтығысқа әкеп соқтырған.

XS
SM
MD
LG