Accessibility links

Германияда шабуылдағандардың көбі - шетелдіктер


Жаңа жыл қарсаңында әйелдерге шабуыл жасалуына қарсылық акциясы. Германия, Кельн, 9 қаңтар 2016 жыл.
Жаңа жыл қарсаңында әйелдерге шабуыл жасалуына қарсылық акциясы. Германия, Кельн, 9 қаңтар 2016 жыл.

Германия билігінің мәліметінше, тергеушілер Жаңа жыл қарсаңында әйелдерге шабуылдап, тонағандардың көпшілігі - шетелдіктер болған. Солтүстік Рейн-Вестфалия аймағының ішкі істер министрі Ральф Йегердің мәлімдеуінше, шабуылға күдікті 153 адамның 149-ы - өзге елдердің азаматтары.

Күдіктілердің 103-і - Марокко мен Алжирден шыққандар. Олардың ішінде пана сұраған 68 адам мен Германияда заңсыз жүрген 18 адам бар. Наурыздың соңындағы дерек бойынша, неміс полициясына 157 шағым түскен. 500-ден астам зардап шегуші өздеріне қарсы жыныстық сипаттағы қылмыс жасалды дейді. Бұл іс бойынша ендігі үш адам ұрлық жасады деп танылған. Бұдан өзге, өткен айда Алжирдің 26 жастағы азаматына "бопсалады" деген айып тағылған.

XS
SM
MD
LG