Accessibility links

Ресейде терроризммен күресетін гвардия құрылмақ


Ресей президенті Владимир Путин (ортада) қауіпсіздік органдары басшыларымен кездесуде. Мәскеу, 5 сәуір 2016 жыл.
Ресей президенті Владимир Путин (ортада) қауіпсіздік органдары басшыларымен кездесуде. Мәскеу, 5 сәуір 2016 жыл.

Ресей президенті Владимир Путин Ресейде терроризммен және ұйымдасқан қылмыспен күресетін ұлттық гвардия құрылып жатқанын жариялады. "Шешім қабылданды, біз атқарушы құзыреті бар жаңа федералдық орган құрып жатырмыз" деді Путин 5 сәуірде Кремльде қауіпсіздік органдары басшыларымен кездесуінде.

Ұлттық гвардия ішкі істер министрлігі әскерінің негізінде құрылмақ. Ол Ресейдің есірткімен күрес агенттігі мен федералдық миграция қызметі қазір ішкі істер министрлігіне бағынышты болатынын айтты.

XS
SM
MD
LG