Accessibility links

Мәсімов Ереванға ЕАЭО елдері премьерлері жиынына бармайды


Қазақстан премьер-министрі Кәрім Мәсімов.

Қазақстан премьер-министрі Кәрім Мәсімов.

Қазақстан премьер-министрі Кәрім Мәсімов 8 сәуірде Ереванда жоспарланған Еуразия экономикалық одағы (ЕАЭО) елдері үкімет басшыларының кездесуіне бармайды деп хабарлады Азаттыққа премьер-министр кеңсесінің баспасөз қызметінен. Баспасөз қызметі жетекшісінің орынбасары Думан Хамит әзірге сапардан бас тартудың себебін айта алмайтынын білдірді.

5 сәуірде ресейлік ақпарат құралдары ЕАЭО елдері премьер-министрлерінің саммиті кейінге қалдырылуы мүмкін екенін хабарлаған.

Ресей үкіметі ресми сайтының 5 сәуірде хабарлауынша, Ресей премьер-министрі Дмитрий Медведев Армения премьер-министрі Овик Абраамянмен сөйлесіп, жоспар бойынша 7-8 сәуірде Арменияға баратынын нақтылаған. Бұған қоса Медведевтің 8 сәуір күні Армениядан соң Әзербайжанға баратыны айтылған.

Медведев сонымен қатар Абраамянмен Қазақстанның Еуразия үкіметаралық кеңесінің отырысын келесі аптада Мәскеуде өткізу ұсынысын талқылаған.

ЕАЭО-ға Ресей, Қазақстан, Беларусь, Қырғызстан және Армения мүше.

XS
SM
MD
LG