Accessibility links

Универсиадаға 64 елден өтініш түскен


Қысқы универсиада үшін салынып жатқан мұз арена (Сурет универсиаданы ұйымдастыру комитеті баспасөз қызметінен алынды).
Қысқы универсиада үшін салынып жатқан мұз арена (Сурет универсиаданы ұйымдастыру комитеті баспасөз қызметінен алынды).

2017 жылы Алматыда өтетін қысқы универсиадаға қатысуға 64 елден өтініш түскен. Бұл туралы универсиаданы ұйымдастыру комитеті мәлімдеді.

Қатысуға өтініш жіберген елдер қатарында АҚШ, Австралия, Жаңа Зеландия, Ұлыбритания, Ресей, Түркия, Аргентина, Бразилия, Чили, Қытай, Қырғызстан, Непал, Ливан, Пәкістан, Португалия бар. Оңтүстік Африка Республикасы, Уганда елдері де Алматыға спортшы жіберуге ниетті. Алматыдағы жарысқа қатысуға өтініш жіберген елдердің арасында Өзбекстан жоқ.

Универсиаданы ұйымдастыру комитеті өтініш қабылдаудың бірінші кезеңі аяқталғанын, басқа да елдерден қатысуға ұсыныс келсе қарастырылатынын айтады.

Алматыдағы қысқы универсиада 2017 жылы 28 қаңтар мен 8 ақпан аралығында өтеді. Қазақстан елдегі дағдарысқа байланысты жарыстың бюджетін 32 миллиард теңгеден 17 миллиард теңгеге дейін қысқартқан.

XS
SM
MD
LG