Accessibility links

Тәжікстанда президент күнін мерекелеуді ұсынды


Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон.

Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон.

Тәжікстан парламенті төменгі палатасының депутаттары елде мемлекеттік жаңа мереке - ұлт көшбасшысы немесе президент күнін енгізуді ұсынды. Азаттықтың Тәжік редакциясының хабарлауынша, депутаттар "Мейрам күндері туралы" заңға енгізілетін түзетулер жобасын дайындаған. Жаңа мейрам күні ретінде 5 қазан (президент Эмомали Рахмонның туған күні) немесе 19 қараша (1992 жылы осы күні Рахмон Тәжікстан Жоғарғы кеңесінің төрағасы болып сайланған) таңдалуы мүмкін.

Президент күні мерекесі Орталық Азияның өзге елдерінде де бар. Қазақстанда 1 желтоқсан елдің тұңғыш президенті күні ретінде атап өтіледі. Түркіменстанда 1994 жылы 19 ақпан алғашқы президент Сапармұрат Ниязовтың туған күні жалпыхалықтық мереке ретінде атап өтілген. Бірақ бір жылдан соң Ниязов бұл күнді мемлекеттік ту күні деп жариялаған.

Өткен жылдың желтоқсанында Рахмон "Бейбітшілік пен келісімнің негізін салушы - ұлт көшбасшысы туралы" заңға қол қойған. Заң президент пен оның туыстарына ерекше құқық береді.

XS
SM
MD
LG