Accessibility links

Сот Байдалинованы қамауда қалдырды


Nakanune.kz сайты редакторы әрі меншік иесі Гузяль Байдалинова сотта отыр. Алматы, 26 желтоқсан 2015 жыл.
Nakanune.kz сайты редакторы әрі меншік иесі Гузяль Байдалинова сотта отыр. Алматы, 26 желтоқсан 2015 жыл.

Алматы қалалық соты аудандық соттың оппозициялық Nakanune.kz сайтының редакторы, журналист Гузяль Байдалинованы қамау туралы шешімін күшінде қалдырды. Бұл туралы Азаттыққа Байдалинованың адвокаты Инесса Кисилева хабарлады. Байдалинова "Казкоммерцбанкті" қаралайтын мақалаларды тапсырыспен жариялау ісі бойынша күдікті деп танылған. Кисилева соттың Байдалинованы қамау мерзімін ұзарту туралы шешіміне шағым түсірген.

18 наурызда Алмалы аудандық соты Байдалинованы қамауды 23 сәуірге дейін ұзартқан.

Байдалинова 23 желтоқсанда "Казкоммерцбанкті" қаралайтын мақалаларды тапсырыспен жариялау ісіне байланысты пәтеріне және Nakanune.kz сайтының редакциясына жасалған тінтуден соң ұсталған. Кейін оның "Казкоммерцбанкке" қатысты көрінеу жалған ақпарат таратты деген күдікке ілінгені хабарланған. Сот оны кепілге босатудан бас тартқан. Ол Алматыда тергеу абақтысында қамауда отыр.

XS
SM
MD
LG