Accessibility links

Mossack Fonseca кибершабуыл жасалғанын мәлімдеді


Панамалық Mossack Fonseca заң фирмасы иелерінің бірі Рамон Фонсека

Панамалық Mossack Fonseca заң фирмасы иелерінің бірі Рамон Фонсека

Панамалық Mossack Fonseca заң фирмасы иелерінің бірі, "Панама құжаттары" деп аталып кеткен әшкере материалдарда аты аталатын Рамон Фонсека компанияның жеке қызметіне заңсыз қол сұғылғаны туралы шағым түсірді.

Фонсека шағым 4 сәуірде прокуратураға жолданғанын айтты. Оның сөзінше, хакерлер Еуропада тұрып әрекет еткеніне дәлелдер бар. Ол бұдан басқа мәлімет келтірмеді.

3 сәуірде бірден түрлі сайтта бірнеше тілде жарияланған "Панама құжаттарында" ондаған ел басшылары мен саясаткерлердің, бизнесмендер мен белгілі адамдардың офшорлық компаниялары туралы мәліметтер бар.

Рамон Фонсека компаниясы заң бұзбағанын және ол кейінірек анық болатынын мәлімдеді.

XS
SM
MD
LG