Accessibility links

Ресей: "Нусра майданы" шабуылына тойтарыс берілді


Ресейдің Сириядағы Хмеймим әуе базасындағы Су-25 әскери ұшағы (Көрнекі сурет).

Ресейдің Сириядағы Хмеймим әуе базасындағы Су-25 әскери ұшағы (Көрнекі сурет).

Ресей қорғаныс министрлігінің мәліметінше, елдің әскери-әуе күштері Сирияның Алеппо қаласы маңында "Әл-Қаидамен" байланысты "Нусра майданы" тобының шептеріне соққы беріп, содырлар шабуылын тойтарған. Министрліктің хабарлауынша, кеше топтың жүздеген мүшесі күрд көтерілісшілеріне шабуылдап, 11 сарбазын өлтірген. Бұдан өзге 18 бейбіт тұрғын қаза тапқан.

Сирия армиясы мен одақтас күштер Алеппо маңындағы бірнеше күн бұрын содырлар қолына түсіп қалған Тель әл-Аис қаласына шабуылдай бастады. Бұл қала Алеппоны Дамаскімен байланыстыратын негізгі магистраль бойында орналасқан.

"Нусра майданы" тобы 3 сәуірде Идлиб провинциясында АҚШ әуе шабуылдарынан топ жетекшілерінің бірі қаза тапқанын растаған.

XS
SM
MD
LG