Accessibility links

ДБ: 3,1 миллион ресейлік кедейлік шегінде тұр


Ставропольде үйсіз адамдар тегін берілген түстік ас ішіп тұр, Ресей (Көрнекі сурет).
Ставропольде үйсіз адамдар тегін берілген түстік ас ішіп тұр, Ресей (Көрнекі сурет).

Дүниежүзілік банктің (ДБ) есебі бойынша, Ресейде мұнай бағасының арзандауы мен санкциялардың салдарынан туындаған экономикалық дағдарыстан 3,1 миллион адам кедейлік шегінде тұр. Өткен жылы елде жалпы ішкі өнім көлемі 3,7 пайызға төмендеген. Биыл бұл көрсеткіш болжам бойынша тағы 1,1 пайызға түседі. Халықтың кедейлене түсуі Ресейді 2007 жылғы көрсеткіштерге оралтып, "өсімді он жылға артта қалдырмақ".

Экономикалық жағдайдың қиындығы билікті бюджет шығындарын азайтуға мәжбүрлеп отыр. Наурызда ресейлік агенттіктер қорғаныс саласына жұмсалатын қаржы 5 пайызға қысқаратынын хабарлаған. Ел президенті Владимир Путин билікке келген 2000 жылдан бері Ресейде мұндай ауқымды қысқарту болған емес.

Кейбір мәліметтер бойынша, бұл қиындықтар Путиннің халық арасындағы танымалдылығына аса ықпал ете қоймаған. Бірақ Кремльдің қыркүйектегі парламент сайлауы кезінде елде тәртіпсіздік болуынан қауіптенетініне айғақтар бар.

Дүниежүзілік банк 2017 жылы Ресей экономикасында 1,1 пайыз шамасында ғана өсім болуы мүмкін деп болжайды.

XS
SM
MD
LG