Accessibility links

Алматыда автобус жүргізушілері наразылық танытты


Алматыдағы жолаушылар автобустары (Көрнекі сурет).
Алматыдағы жолаушылар автобустары (Көрнекі сурет).

Алматыдағы 1-автобус паркінің ондаған жүргізушісі жалақыларын көбейтуді талап етіп, жұмысқа шықпай қойды.

Автобус паркі диспетчерлік қызметінен Азаттыққа хабарлауынша, 26 мен 34 және 73-маршруттағы автобустар рейске шықпай қалған. Жергілікті агенттік 79-маршруттың жүргізушілері де жұмысқа шықпағанын хабарлайды. Жүргізушілердің бірі "автобустарда карточкамен төлем жасау жүйесі енгізілгелі жүргізушілер жалақысы бірнеше есеге азайғанын" айтқан. Жүргізушілер парк басшылығы жалақыларын көбейтпесе жұмысқа шығудан бас тартқан.

Жүргізушілердің сөзінше, жалақылары азайып кеткеніне екі айдан асқан. Олар парк муниципалды болғанға дейін 180 мың теңгеге дейін жететін жалақы алып келгенін, қазір жалақылары мүлдем азайып кеткенін айтады.

Алматы қалалық жолаушылар көлігі басқармасының жетекшісі Дәурен Әлімбековтің айтуына қарағанда, қазір басқарма жағдайды тексеріп жатыр.

Қалалық жолаушылар көлігі басқармасының мәліметінше, Алматы муниципалды автобус паркінде 13 маршрут бар. Ақпан айында муниципалды парк жеке меншік Green Bus Company компаниясының басқаруына берілген.

XS
SM
MD
LG