Accessibility links

Қарағанды облысында су басу қаупі ескертілді


Қарағанды облысының аумақтық картасы (Көрнекі сурет).

Қарағанды облысының аумақтық картасы (Көрнекі сурет).

Қарағанды облыстық төтенше жағдайлар департаменті бүгін Самарқанд және Ынтымақ су қоймаларынан көп көлемде су жіберілетіні туралы шұғыл хабарлады.

Билік аймақ тұрғындарынан өзен сағалары мен су қоймасы бөгендеріне жақын орналасқан саяжайларына бармауды, өзен, каналдардың үстінен салынған құбырлар мен басқа да конструкциялардан өтпеуді, балаларын өзендерге, қазаншұңқырлар мен жыраларға жақын ойнатпауды және балық аулауға бармауды сұрайды.

Департамент мәліметіне қарағанда, еріген қар суын жіберу және су арқылы жұғатын жұқпалы аурулардың таралуын болдырмау жұмыстарын жүргізу жоспары бекітіліп, тұрғындарды эвакуациялау жоспары түзетілген.

Теміртауда соңғы ондаған жылдан бері бірінші рет қаланың ескі бөлігінде үйлерді су баспас үшін ұзындығы бір жарым километрге созылатын су ағатын арықтарды қалпына келтіріп, тазалап жатыр.

"Қазгидромет" мекемесінің облыстық филиалы директорының орынбасары Валерий Стратиенко кеше қарағандыда өткен жиында егер облыстағы ауа-райы 10 күн бойы тұрақты болып, күн күрт жылынбаса онда су басу қаупі "қалыпты өтетінін" және төтенше салдары болмайтынын айтқан.

XS
SM
MD
LG