Accessibility links

Шымкентте театр фестивалі басталды


Оңтүстік Қазақстан облыстық қуыршақ театры ұжымы фестивальдің ашылу салтанатында. Шымкент, 7 сәуір 2016 жыл.

Оңтүстік Қазақстан облыстық қуыршақ театры ұжымы фестивальдің ашылу салтанатында. Шымкент, 7 сәуір 2016 жыл.

Шымкентте Оңтүстік Қазақстан облысындағы кәсіби сегіз театр қатысатын «Театр көктемі – 2016» фестивалі басталды.

7-9 сәуір аралығында өтетін фестивальдің ашылу салтанаты Жұмат Шанин атындағы қазақ драма театрында болды.

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Ұласбек Сәдібековтің айтуынша, биылғы фестиваль жазушы-драматург Рахымжан Отарбаевтың туындыларына арналады.

Фестивальге қатысатын ұжымдар қаладағы бірнеше театрда өнерлерін көрсетеді.

  • 16x9 Image

    Дилара ИСА

    Дилара - Азаттықтың Шымкенттегі тілшісі. 1986 жылы туған. Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті мен Абай атындағы ҚазҰПУ-ді бітірген.

    "Жас Алаш" газетінде жұмыс істеген.

    Азаттықпен 2012 жылдан бері әріптес.

XS
SM
MD
LG