Accessibility links

Ақтауда мүмкіндігі шектеулі балалар фестивалі өтті


Маңғыстау облыстық арнайы мектеп-интернаттың оқушылары. Ақтау, 7 сәуір 2016 жыл.

Маңғыстау облыстық арнайы мектеп-интернаттың оқушылары. Ақтау, 7 сәуір 2016 жыл.

Маңғыстау облысының орталығы Ақтау қаласында 10-17 жас аралығындағы мүмкіндігі шектеулі балалардың республикалық 11-шығармашылық фестивалі өтті.

Алты номинациядан тұратын өнер сайысына облыстың аудандарынан келген 84 бала қатысты. Жаңаөзендегі арнайы мектеп-интернат директоры Рабиға Мұратқызының айтуынша, «бұрын балаларының денсаулығындағы кінәратқа намыстанатын ата-аналары қазір осындай жарыстарға белсене қатысатын болған – бұл балалардың әлеуметтік өмірге белсене араласуына көмектеседі».

2005 жылдан бері тұрақты түрде өтіп келе жатқан бұл фестивальде биыл жеңімпаз болған балалар маусымның 1-інде Көкшетауда өтетін «Балдәурен» гала-концертіне қатысады.

Маңғыстау облысындағы 11 психологиялық-медициналық кеңес беру орталығында 15 мың мүмкіндігі шектеулі бала тіркелген.

XS
SM
MD
LG