Accessibility links

"Қайратты" грузиялық маман жаттықтырмақ


Көрнекі сурет
Көрнекі сурет

Алматылық "Қайрат" командасына жаңа бас бапкер тағайындалды. Енді клубты биылғы маусымның соңына дейін грузиялық маман Кахабер Цхададзе жаттықтырады.

Цхададзе Германияның "Айнтрахт", Англияның "Манчестер Сити", Ресейдің «Динамо» мен «Спартак» клубтарында ойнаған, бапкер ретінде Грузия және Әзербайжан клубтарын жаттықтырған. Оның соңғы жұмыс орны Грузия құрамасы болған. Алайда ол Грузия футбол федерациясымен жалақы көлеміне қатысты келісе алмай қызметінен кеткен еді. Қазір Грузия құрамасын "Қайраттың" бұрынғы бапкері Владимир Вайсс жаттықтырады.

«Қайратқа» биыл келген ресейлік бапкер Александр Бородюк алматылық футбол клубы чемпионаттың алғашқы үш ойынында екі рет жеңілген соң 5 сәуірде қызметінен кеткен еді.

XS
SM
MD
LG