Accessibility links

БҰҰ: Париж климат келісіміне 130 мемлекет қол қояды


Көрнекі сурет.

Көрнекі сурет.

БҰҰ Парижде қабылданған ғаламдық климаттың өзгеруімен күрес келісіміне бұрын-соңды болмаған көрсеткіш - 130-дан астам мемлекет қол қояды деп болжанып отырғанын хабарлады. 1994 жылы БҰҰ-ның теңіз құқығы туралы конфенциясына алғашқы күні 119 мемлекет қол қойған еді.

"Париж келісімі тарихи оқиғаға айналды. Бірақ бұл тек бастамасы ғана. Біз тезірек климаттың өзгеруімен күрес әрекеттерімізді жеделдетуіміз керек" деді БҰҰ бас хатшысы Пан Ги Мун. Келісімге қол қою рәсімі 22 сәуірде БҰҰ-ның Нью-Йорктегі штаб-пәтерінде өтеді. Жоспар бойынша, оған 90 елдің басшылары қатысады. Келісім ғаламдық жылыну деңгейін Цельсий бойынша екі градустан асырмай ұстап тұру үшін жасалған.

Әлем елдері келісімге қол қойған соң оны ратификациялау керек. Келісім оны мақұлдаған елдер саны белгілі межеге жеткенде күшіне енеді. Келісімге қол қойған елдердің атмосфераға шығаратын ортақ парник газы көлемі әлемдік көрсеткіштің 55 пайызынан аспауы тиіс. Келісім күшіне енуі үшін оны кемінде 55 мемлекет мақұлдауы керек.

XS
SM
MD
LG