Accessibility links

Керри Иранды Таяу Шығыстағы ахуалға ықпал етуге шақырды


АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри.

АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри.

АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри Иранды Йемен мен Сириядағы қақтығыстарды тоқтатуға ықпал етіп, "аймақтағы тұрақтылықты шайқалтатын" іс-әрекеттерден бас тартуға шақырды

Бахрейнде өткен баспасөз жиынында Керри Иранның "тұрақтылыққа қарсы" іс-әрекеттерін айыптап, АҚШ оған "ерекше мән беріп отырғанын" айтты. Ол АҚШ-тың Бахрейндегі әскери-теңіз күштері базасында орналасқан бесінші флоты өткен аптада "Ираннан Йемендегі хусит көтерілісшілеріне жөнелтілген" қару-жарақты ұстағанын айтты. Хуситтер Йемен үкіметі әскерімен күрес жүргізіп жатыр.

"Біз Иранды хуситтерге қару-жарақ тасығаннан гөрі конструктивті түрде әрекет етуге және Сириядағы қақтығысты шешіп, бейбітшілік орнату әрекеттеріне қосылуға шақырамыз" деді Керри.

Парсы шығанағындағы одақтас елдерге сапары барысында Керри Иранмен жасалған ядролық келісім мен бұл елден санкциялардың алынғанына қолдау білдірді. Керри АҚШ пен оның араб елдеріндегі одақтастары Тегеранның зымыран технологиялары саласындағы қызметіне қатысты ұстанымдары ортақ екенін білдірді. Бұған дейін АҚШ Иранға оның баллистикалық зымырандарды сынауына байланысты санкциялар салып, БҰҰ Қауіпсіздік кеңесін де санкция салуға шақырған. Ал Тегеран мұндай санкциялар Иранның өз ядролық бағдарламасын шектегеннен кейін үміт күтіп отырған экономикалық дамуына әсер ететінін мәлімдеген.

Associated Press агенттігінің хабарлауынша, кеше Джон Керри АҚШ-тың Иранмен оның зымыран сынауы мәселесін бейбіт шешу үшін "жаңа келісім жасасу" туралы бірінші рет айтқан.

XS
SM
MD
LG