Accessibility links

Шотландияда Шекспирдің 1623 жылғы кітабы табылды


Шекспир дүниеге келген Стратфорд-апон-Эйвон қаласындағы драматургтің бейнесі, Ұлыбритания,

Шекспир дүниеге келген Стратфорд-апон-Эйвон қаласындағы драматургтің бейнесі, Ұлыбритания,

Шотландияда ағылшын драматургы Уильям Шекспир пьесаларының алғашқы жинағының бір данасы табылды. Шекспирдің 36 пьесасы жинақталған кітап 1623 жылы жарық көрген. Guardian басылымының хабарлауынша, "Алғашқы фолио" деген атпен белгілі жинақ соңғы жүз жылда Шотландияның батысындағы Бьют аралында Mount Stuart оңаша үйінің кітапханасында сақталған.

Жинақ Шекспир қайтыс болған соң жеті жылдан кейін басылып шыққан. Кітапта драматургтың көзі тірісінде жарыққа шығып үлгермеген 18 пьесасы бар. Қазірге дейін "Алғашқы фолио" кітабының 234 данасы болғаны туралы мәлімет бар. Кітаптың алғашқы бетінде Шекспирдің әлем әдебиетінде ең сенімді саналатын жалғыз танымал суреті бейнеленген.

Биыл Шекспирдің қайтыс болғанына 400 жыл толады. Табылған кітап Бьют аралындағы Mount Stuart оңаша үйінде көпшілікке арналған көрмеге қойылмақ.

XS
SM
MD
LG