Accessibility links

Қарағанды облысында су басу қаупі ескертілді


Қарағанды облысының аумақтық картасы (Көрнекі сурет).

Қарағанды облысының аумақтық картасы (Көрнекі сурет).

Қарағанды облыстық төтенше жағдайлар департаменті 7-11 сәуір аралығында су қоймаларының жарылуы мен су басу қаупі барын ескертті. Облыста кеше кешке шұғыл ескерту жарияланған. Тұрғындарға SMS хабарламалар арқылы су тасу қаупі бары туралы ақпарат таратылған. Кеше кешке және түнде облыста жаңбыр жауған. Кеше күндіз бірнеше су қоймасында су көптеп ағызылған.

Департамент мәліметінше, еріген қар суы көбейіп, өзендер мен су қоймаларында бөгендердің бұзылу қаупі әлі бар. Кейбір жолдарды су басып, онымен байланысты билік жолдарды жапқан. Бүгін Жартас-Көксу жолы жабық. Бұған қоса Қарағанды облысынан Жезқазған бағытына баратын жолдарды да су басқан.

Құтқарушылар бұған қоса облыстың шет ауданының Шопа ауылына пост қойып, жеңіл көліктер мен автобустардың өтуіне тыйым салған. Ауылға құтқарушылар қойған қайықпен ғана жетуге болады. Төтенше жағдай қызметі ауылдарды тіке су басу қаупі жоқ дейді.

XS
SM
MD
LG