Accessibility links

ТЖД: Солтүстік Қазақстанда 4 ауданда су басу қаупі бар


Солтүстік Қазақстан облысының аумақтық картасы (Көрнекі сурет).
Солтүстік Қазақстан облысының аумақтық картасы (Көрнекі сурет).

Солтүстік Қазақстан облысында жүз шақты үйді су басып тұр деп хабарлады облыстық төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасаған "Қазақстан жаңалықтары" агенттігі. Су тасуға байланысты төрт ауданда сегіз елді мекенді су басу қаупі туындаған.

Төтенше жағдайлар департаментінің 7 сәуірдегі мәліметінше, облыста 60-тан астам үйді су басып, 80-нен астам адам эвакуацияланған. Су тасу маусымы басталғалы бері еріген қар суы 300-ден астам үйді басқан. Облыстың алты ауданының 13 елді мекенінде жүз шақты үйді су басып тұр. Су тасқынынан бір көпір қираған.

Ішкі істер министрлігі төтенше жағдайлар комитетінің хабарлауынша, Ақтөбе мен Қостанай облыстарында кейбір жол бөліктерінде көлік қозғалысы шектелген. Ақтөбе облысында Қандыағаш-Ембі-Шалқар-Ырғыз жолының 200-220 километрі аралығында көлік қозғалысына шектеу қойылған.

Солтүстік Қазақстанда үш жолда, оның ішінде Жезқазған-Петропавл жолының кейбір тұсында (705-786 километрі аралығы) жол қозғалысы шектелген. Қостанай облысында жол жиегін су шайып кетуіне байланысты Қарасу-Үлкен Чураков жолы жабылған.

XS
SM
MD
LG