Accessibility links

Сириялық көтерілісшілер маңызды Эль-Рай қаласын алды


Сирия ерікті армиясы туын ұстап өтіп жатқан үкіметке қарсы шеру. Алеппо, 11 наурыз 2016 жыл.

Сирия ерікті армиясы туын ұстап өтіп жатқан үкіметке қарсы шеру. Алеппо, 11 наурыз 2016 жыл.

Сириялық көтерілісшілер Сирияның солтүстігіндегі стратегиялық маңызды қала, "Ислам мемлекеті" (ИМ) экстремистік ұйымының бақылауында тұрған Эль-Рай қаласын алды. Syrian Observatory for Human Rights ұйымының хабарлауынша, өздерін Сирия ерікті армиясы деп атайтын көтерілісшілер қаланы кеше ИМ содырларымен кескілескен ұрыстан соң қайтарған.

Эль-Райды қайтару Алеппоны басып алу үшін ұрыс жүргізіп жатқан көтерілісшілер позициясын күшейтеді деген болжам бар. Эль-Райды алу үшін бірнеше күнге созылған ұрыста бұған қоса көтерілісшілерді керек-жарақпен қамтамасыз ететін Түркия шекарасына маңызды канал ашылған.

ИМ содырлары Түркиямен шекаралас аймақтағы Азаз қаласын алған өткен жылдың мамырынан бері бірінші рет үлкен шегініс жасап отыр.

XS
SM
MD
LG