Accessibility links

Ресейде "Сирияға кетпек болған" қазақстандық сотталмақ


"Сирияда соғысып жүрген қазақстандықтар" жайлы видеодан скриншот.

"Сирияда соғысып жүрген қазақстандықтар" жайлы видеодан скриншот.

"Сириядағы қарулы қақтығысқа қатыспақ болды" деген айыппен Ресейде ұсталып, Дондағы Ростовта сотты күтіп отырған Вазген Заргарьянның Қазақстан азаматы екені расталды. Бұл деректі Заргарьянның ісін қарап жатқан Солтүстік Кавказ аймақтық әскери сотының өкілі Азаттыққа мәлім етті.

"Іс түсті, сотқа берілді. Факт бойынша сот отырысын тағайындау туралы немесе алдын-ала тыңдау туралы қаулы шығарылады. Әзірге не болатынын білмейміз, судья шешеді" деді сот өкілі.

Алматылық 24 жастағы Вазген Заргарьянға «шет мемлекеттегі қарулы қақтығысқа қатысуға дайындалу» және «террористік ұйымның әрекетіне қатысуға дайындалу» (Ресей қылмыстық кодексінің 208-бап 1-бөлімі және 205.5-бап 2-бөлімі) бойынша айыптар тағылған.

Қазақстандықтардың Сирияға «жиһадқа» кете бастағаны туралы алғашқы ақпарат екі жыл бұрын қазан айында «150 қазақ жиһадшысы»атты видеомен шыққан еді. Одан кейін де Сирияға кеткен қазақстандықтар, олардың «​ж​иһадшы балалары»​ туралы бірнешевидеолар жарияланған. Былтыр Қазақстан билігі ИМ қатарында 300 қазақстандық бар, оның жартысы әйелдер деп мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG