Accessibility links

Париждегі терактілерге күдікті Бельгияда ұсталды


Парижде 2015 жылы қарашада жасалған терактілерге күдікті ретінде іздеу жарияланған бельгиялық Мохамед Абринидің суреті.
Парижде 2015 жылы қарашада жасалған терактілерге күдікті ретінде іздеу жарияланған бельгиялық Мохамед Абринидің суреті.

Бельгия полициясы 2015 жылы қарашада Франция астанасында жасалған терактілерге күдікті ер адамды ұстаған. Бұл жайлы ақпаратты полициядағы дереккөзі растады деп France-Presse агенттігі хабарлады.

Оның алдында бельгиялық VRT телеарнасы 31 жастағы Бельгия азаматы Мохамед Абринидің Брюссель маңында ұсталғаны туралы хабар таратқан.

Бельгия құқық органдары Мохамед Абрини мен тағы бір адамды өткен айда Брюссельде болған террорлық шабуылдарға күдікті ретінде ұстаған деп хабарлайды Reuters.

Брюссельде 22 наурыз күні жасалған үш жарылыстан 32 адам қаза тауып, 270-тен астам адам жараланған. 2015 жылы 13 қарашада Парижде жасалған шабуылдар 130 адамның өмірін қиған, 300-ден астам адам зардап шеккен.

XS
SM
MD
LG