Accessibility links

Falcon-9 мұхиттағы платформаға сәтті қондырылды


Falcon-9 зымыран тасығышы.

Falcon-9 зымыран тасығышы.

Ғарышқа Dragon жүк кемесін шығарған Falcon-9 зымыран тасығышы жұма күні Канаверал мүйісіне жақын маңда, мұхит бетіндегі жүзбелі платформаға қонғаны хабарланды.

АҚШ миллиардері Илдон Масктің жекеменшік Space Exploration Technologies (немесе SpaceX) компаниясы жасаған зымыран жүзбелі платформаға алғаш рет сәтті қондырылды. Компания мұндай көп рет пайдаланылатын зымыран-тасығыштарының көмегімен ғарыш аппараттарын ұшыру құнын едәуір азайтуға болады деп санайды.

Dragon ғарыш кемесі бұл жолы ғылыми тәжірибелер жүргізуге арналған құрал-жабдық және азық-түлікпен бірге халықаралық ғарыш станциясына үрлемелі модуль жеткізген. Оны ішін ауаға толтырып, станцияға тіркеп қою жоспарланған. Бұл болашақта осындай модульдер әртүрлі мақсаттар үшін пайдалануға болатын ғарыштық аванпост ролін атқаруға жарай ма деген оймен жасалатын сынақ болмақ. Модульді әзірлеген Bigelow Airspace компаниясы оны коммерциялық компаниялар мен ғылыми орталықтар пайдаланатын болады деп үміттенеді.

XS
SM
MD
LG