Accessibility links

Дағыстанда журналист пен құқыққорғаушыны ұстаған


Дағыстанның Хасавюрт қаласындағы мешіт.
Дағыстанның Хасавюрт қаласындағы мешіт.

Ресейдің Дағыстан өлкесінде 8 сәуірде жұма намазынан соң екі оқиға тіркелген. Махачкалада жұма намазынан кейін мешіттен шыққан «Новое дело» басылымы журналисі Идрис Юсупов пен «Мемориал» коммерциялық емес ұйымының қызметкері Сиражутдин Дациевті полиция ұстаған.

«Новое дело» газетіне Юсуповтың хабарлауынша, полиция өкілдері журналист пен құқыққорғаушыны ұстау себебін «күдікті болып көріндіңдер» деп түсіндірген. Кейін полиция екеуін жазбаша түсіндірме беруге мәжбүр етіп, онан соң ешқандай хаттама толтырмастан босатқан.

«Новое дело» басылымы дәл сол күні Дағыстандағы Хасавюрт қаласында жұма намазынан соң мешіттен шығып келе жатқан бірнеше адамды ұстамақ болған полиция қызметкерлері мен әлгілерге араша түскен басқа жамағат арасында қақтығыс болған деп хабарлады. Полицейлер әуеге оқ ата бастаған кезде көшеде кетіп бара жатқан кездейсоқ жүргінші зардап шеккен.

Дағыстан ішкі істер министрлігі баспасөз қызметі «Новое дело» басылымына бұл оқиға туралы өздерінде ақпарат жоқ екенін мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG